

Құтадғу білік (Құтты білік) ‒ ХІ-ғасырдағы түркі әдебиетінің маңызды туындылары болып саналады. Түркі әдебиетінің ислам кезеңіндегі ең көне шығармаларының бірі. Жүсіп Хас Хажиб тарапынан қарахандар дәуірінде жазылған. Түріктер Қарахандар дәуірінде ислам дінін ресми мемлекеттік дін ретінде қабылдаған. Құтты біліктің жазылған уақыты шамамен түріктердің ислам дінін қабылдауынан бір ғасыр өткеннен кейінгі уақытқа сәйкес келеді. Құтты білік 1069 жылы жазылған. Жүсіп Хас Хажиб бұл шығарманы он сегіз айда жазып бітірген. Жүсіп Хас Хажиб еңбегін Шығыс Қарахан қағаны Табғаш Ұлық Боғра Қарахан деген атпен танымал Әбу Әли Хасан бин Сүлеймен Арсланға ұсынған. «Құтты білік» түркі әдебиетінің тұңғыш саясатнамасы ретінде қабылданған. Шығарма мәснауи түрінде аруз өлшемімен жазылған. 6645 бәйіттен тұратын шығармаға кейіннен өлең және қарасөз түріндегі алғы сөздер қосылған. «Құтты білікте» 85 бөлім бар. Дидактикалық шығармада насихат, ақыл кеңестер берілген. Шығармада символдар көптеп кездеседі. Айтылатын ой-пікірлер символикалық тұлғалар арқылы берілген. «Құтты білік» Аллаға, Пайғамбарға, төрт халифаға және сол дәуірдің әміршісіне мадақ айтумен басталады. Содан кейін білім мен ақылдың маңызы, тілдің кемшіліктері, жақсылық және жақсылықтың пайдалары туралы мәселелер, символикалық тұлғалардың бір-бірімен сыр-сұхбаты төңірегінде баяндалады. Шығармадағы символикалық тұлғалар мен олардың мағыналары мынадай
Trustpilot
1 month ago
3 days ago
3 days ago
2 weeks ago